Ол шкафта жатқан ақшаны байқаған
«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде үй иелерінен ақша ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.
«Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасына бала күтушісі болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқаған. Кейін иелерінің жоқтығын пайдаланып мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы алғанда, ол 3 мың доллар ұрлаған. Бала күтушісі тарапынан ешқандай шағым болмаған. Бірақ бір күні үй иесі ақшаның жоғалғанын байқап, тәртіп сақшыларына жүгінген», – дейді департамент.
Аталған фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Сақшылар жұмыс берушілерге бөгде адамдарды жұмысқа қабылдамас бұрын олардың өткен өміріне қызығушылық танытуды, құжаттар көшірмелерін, ұсыныс хаттарды талап етуді, сондай-ақ қырағы болуды, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады, – делінген ақпаратта.
БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен. Қартты соғып, үйді тас-талқан еткен: ШҚО-да ұры бір түнде бірнеше үйді тонаған. Ақмола облысында жоғалған 6,5 млн теңгенің жылқылары иесіне қайтарылды. Olx.kz сайтында тұрғындарды алдаған алаяқ құрықталды. Ақмолалықтар қоқыс контейнерлерін ұрлаған. «Магнумнан» памперс ұрлап кеткен елордалық жігіт тергеліп жатыр.