×

Қартты соғып, үйді тас-талқан еткен: ШҚО-да ұры бір түнде бірнеше үйді тонаған

Ол ешкімді аямай, үйдегі құнды заттың бәрін алып отырған

 Қымбат Елтайқызы 03.06.2022 | 12:59
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында ер адам бір түнде бірнеше ауыл тұрғындарының үйін тонап кетті, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«9 мамырда Глубокое ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғыны жүгініп, түнгі сағат екі шамасында белгісіз ер адам үйдің кіреберісінің терезесін сындырып, оның 86 жастағы анасының үйіне кіріп, қарт ананы ұрып-соғып, үйінен 10 800 теңге ұрлап кеткенін жеткізген. Сонымен қатар сол күні тағы үш жергілікті тұрғын осындай өтінішпен полиция бөліміне жүгінген», – дейді ІІМ.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, бейтаныс жігіт Береговая көшесінде орналасқан үй есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, онда кіріп, күш көрсетемін деп қорқытып, 4 мың теңге ақша, LENOVO ноутбугі және екі қорап темекіні ұрлап кеткен. Жәбірленушіге шамамен 100 мың теңге шығын келген.

Полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен. Осылайша, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ізін суытпай күдіктінің кім екенін анықтап, қаскөйді қолға түсірген. Аталған қылмыстарға барған Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары барысында ол кінәсін мойындады. Сол түні ұсталған азамат кенттің тағы екі тұрғынының үйіне заңсыз баса-көктеп кіріп, үйлердің бірінің тас-талқанын шығарып, 290 мың теңгеден астам шығын келтіргені анықталды, – дейді ведомство.

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі, 149-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен. Қарағанды облысында 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адам ұсталды. Нұр-Сұлтанда 23 жастағы қыз екі қап жаялық ұрлап, базарда сатқан. Мешіттегі қылмыс: Елорда тұрғыны жұма намазы кезінде iPhone ұрлаған. Павлодарда құны 5 миллион теңге алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті құрықталды. Шымкентте 70 пәтерді тонаған ағайындылар ұсталды. Қызылорда облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі адам бақылауға алынды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама