×

Мешіттегі қылмыс: Елорда тұрғыны жұма намазы кезінде iPhone ұрлаған

Ол бірден ұялы телефонды сатпақ болған

 Қымбат Елтайқызы 30.05.2022 | 09:40
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ер адам жұма намазы кезінде мешітте ұрлық жасаған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«Астана тұрғыны тәртіп сақшыларына мешітте ұялы телефон ұрлау фактісі бойынша жүгінген. Ер адам дәретханада дәрет алу кезінде оның сыртқы күртешесінің қалтасынан iPhone-7 ұрланғанын айтты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, жас жігіт ұрланған ұялы телефонды сауда үйінде 10 мың теңгеге сатуға қойған. Заттай дәлелдемелер алынды», – дейді департамент.

Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның шаһар аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама