×

Шымкентте 70 пәтерді тонаған ағайындылар ұсталды

Күдіктілер ұрланған заттарды өзара бөлісіп отырған

 Дастан Жұмабекұлы 31.05.2022 | 16:12
фото: jasqazaq.kz

Шымкент қаласында 70 пәтер тонаған ағайынды азаматтар ұсталды. Олар Түркістан облысына қарасты Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының тұрғындарының үйлеріне түсіп, заттарын ұрлап, жалпы көлемі 100 миллион теңгеден аса залал келтірген.

Алдымен полицейлердің назарына 26 жастағы ер адам түсіпті. Тексере келе оның өзінің туған-туыстарымен сыбайлас болғаны анықталды. Ол ұрлыққа түсерде үйде адамның, дабыл жүйесінің жоқтығына әбден көз жеткізіп, содан кейін барып ұрлық жасап отырған. Тіпті, ол қожайындардың күн тәртібіне дейін зерттеген. Содан кейін ұрланған заттарды ломбардтарға өткізіп, ақшаны өзара бөлісіп отырған.

Тінту кезінде есік-терезені бұзуға арналған 32 түрлі құрал-сайман, кілттер, 52 зергерлік бұйым мен ұрланған заттарды тасыған автокөлік тәркіленді. Топтың ұйымдастырушысы мен екі мүшесі ұсталды. Тағы бір күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

«1996 жылы Мақтаарал ауданында туған азамат күдікті ретінде ұсталып, Қазырғұрт аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу кезінде ол өзінің қылмысын толықтай мойындады», – деді Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Дастан Тоқтабай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама