×

БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен

Қылмыс әлі ашылмаған

 Қымбат Елтайқызы 02.06.2022 | 16:59
фото: ашық дереккөзден

Оқиға 1 маусымға қараған түні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде болған. Ақбұлақ ауылындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, зейнеткерлерді түнде байлап, тонап кеткен. 

«Түн ішінде, бетперде таққан үш адам тонауға түскен. Сондай-ақ Ақбұлақ ауылдық округі әкімі Зәмзәгүл Қалимова қарт ерлі-зайыпты балаларынан бөлек тұратынын жеткізген», – дейді uralskweek.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс әлі ашылмаған.

«Ауылға криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жіберілді. Дерек қылмыстық кодекстің 191-бабы (тонау) бойынша тіркелді», – дейді департамент.

Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқы ұрлаған барымташы ұсталды. Қарағанды облысында 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адам құрықталды. Нұр-Сұлтанда 23 жастағы қыз екі қап жаялық ұрлап, базарда сатқан. Мешіттегі қылмыс: Елорда тұрғыны жұма намазы кезінде iPhone ұрлаған. Павлодарда құны 5 миллион теңге алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды. Шымкентте 70 пәтерді тонаған ағайындылар құрықталды. Қызылорда облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі адам бақылауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18