×

Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқы ұрлаған барымташы ұсталды

Оның малды қалай ұрлағаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 14:50
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйір жылқы ұрлаған жергілікті тұрғын құрықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Сәуірде Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының еркін жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалған. Шығын шамамен 10 млн теңгені құрады. Тұяқтылардың иесі біраз уақыт бойы жылқыларын өз күшімен іздеп, сақшыларға айдың соңында жүгінген. Аудандық полиция бөлімінде іздеумен қатар, мал ұрлығы бойынша түрлі нұсқаны қарастырумен айналысқан төрт топ құрылды. Тәртіп сақшылары бұрын сотталған жергілікті тұрғындардың қылмысқа қатысын тексерді. Бір апта өткеннен кейін қылмыстың мән-жайы ашыла бастады. Ұрланған жылқылардың КамАЗ көлігімен Қостанай облысына жеткізіліп, сол жақта сатылғаны анықталды», – дейді ІІМ.

Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапқа тартылған ауданның 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған факт қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Барлық жылқы алынып, иесіне қайтарылды, – дейді ведомство.

Ақмола облысында 14 жылқы суға батып кетті. Семейде 29 жылқыны айдап кеткен барымташы құрықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама