×

Ақмола облысында жоғалған 6,5 млн теңгенің жылқылары иесіне қайтарылды

Барлығы 21 жылқы жоғалған екен

 Қымбат Елтайқызы 03.06.2022 | 16:25
фото: polisia.kz

Ақмолалық полицейлер еркін мал жайылымынан жоғалып кеткен бір үйір жылқыны ауыл тұрғынына қайтарды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Костычево ауылы тұрғынының мал басын жоғалту туралы өтініші 28 мамырда Жарқайың ауданының полиция бөліміне түсті. Ауыл тұрғыны бір күнде 21 бас жылқы жоғалтқанын жеткізді. Жануарлар еркін жайылымнан оралмаған. Белгілі болғандай, мал екі күн бұрын жоғалған. Бірақ алғашында иелері өздері іздеген. Кейін тәртіп сақшыларынан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Ер адам шығынды 6,5 млн теңгеге бағалады», – дейді ІІМ.

Өтініш түскеннен кейін полицейлер қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жоғалған үйірді ұйымдасқан түрде іздеу үшін бөлім басшылығы тапсырмасы бойынша жедел бөлімшелер қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардан бірнеше топ құрылды. Топ құрамына сақшылардан басқа өтініш беруші, оның туыстары мен жанашыр азаматтар да кірді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2 маусымда полиция қызметкерлері жануарларды жоғалған жерден 50 шақырым қашықтықтан, Далайбас ауылдық округі Ақтөбе бөлімшесінің жанынан тапты. Жылқы басы түгелімен заңды иесіне тапсырылды, – дейді ведомство.

Семейде 29 жылқыны айдап кеткен барымташы ұсталды. Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқы ұрлаған барымташы құрықталды. Ақтөбе облысында жоғалған жылқылар табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама