×

Ақтөбе облысында жоғалған жылқылар табылды

Полицейлер оларды ауылдан 85-90 шақырым жерден тапқан

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2022 | 14:59
фото: mail.kz

Ақтөбе облысында полицейлері жоғалған 10 бас жылқыны тапты.

Жылқылар 22 мамыр күні Жарық ауылынан 15 шақырым жердегі еркін жайылымнан жоғалып кеткен. Сол күні Қобда ауданы полиция бөліміне шаруашылық қожалығының иесі хабарласып, 10 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Іздестіру тобы жоғалған малдардың болу мүмкін жерлерді іздеп, үшінші күні Батыс Қазақстан облысы шекарасында Қобда ауданының Жарық ауылынан 85-90 шақырым жерден жоғалған жылқыларды тапқан.

«Барлық жылқылар иесіне қайтарылды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін шаруашылық иесіне қатысты тиісті хаттама толтырылды. Көбінесе мал еркін жайылымда болған. Сондықтан қылмыстың көзіне айналған», – деп түсіндірді Қобда ауданы полиция бөлімінің бастығы Ардақ Наяшев.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18