×

«Магнумнан» памперс ұрлап кеткен елордалық жігіт тергеліп жатыр (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2022 | 17:02
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының полиция басқармасына «Магнумның» өкілі хабарласып, супермаркеттен белгісіз біреудің балалар жөргектерін ұрлап кеткенін айтқан.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрлық фактісі сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бейнетаспада жас жігіттің сөреден жөргектерді алып, кассаның жанынан қалай өтіп бара жатқаны анық көрінеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Жөргектердің барлық 5 орамасы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт ұрлық жасағанын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама