×

Ақмолалықтар қоқыс контейнерлерін ұрлаған

Ерекше ұрлық тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 16:45
фото: ашық дереккөзден

Ақмолалықтар қоқыс контейнерлерін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Осы жылдың 1 маусымында Көкшетау қаласы полиция басқармасына қалалық ЖШС бірінің заңгерінің Елемесов көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адамның қоқыс контейнерін ұрлап әкеткендігі туралы өтініші түсті. Келген шығын сомасы 22 800 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, қаскүнемнің кім екені анықталды. Ол облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны, ЖШС-тың бұрынғы қызметкері болып шықты. 24 мамырда сағат 23:30 шамасында ол қоқыс контейнерін көлікке тиеп, алып кеткен. Ер адамның айтуынша, ол контейнерді жеке мақсатта пайдаланғысы келген. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді ІІМ.

Осыған ұқсас тағы бір факт 4 маусымда Щучинск қаласында болды. Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының 44 жастағы тұрғыны 4 маусымға қараған түні белгісіз біреу үйінің жанында тұрған қоқыс контейнерін ұрлап әкеткенін мәлімдеді. Шығын сомасы бес мың теңгені құрады. 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсақ ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шымкентте 70 пәтерді тонаған ағайындылар ұсталды. Қызылорда облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі адам бақылауға алынды. БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен. Қартты соғып, үйді тас-талқан еткен: ШҚО-да ұры бір түнде бірнеше үйді тонаған. Ақмола облысында жоғалған 6,5 млн теңгенің жылқылары иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама