×

«Қазақстан халқына» қоры әлемдегі тағы бір ең қымбат дәріні сатып алды

Бұған дейін қор осындай төрт препарат сатып алған еді

 Қымбат Елтайқызы 06.05.2022 | 16:30
фото: Қазақстан халқына

«Қазақстан халқына» қоры елімізде тіркелмеген қымбат тұратын «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратының тағы біреуін сатып алды. Препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізді.

«Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі енгізілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген», – дейді қор.

Бұған дейін қор SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.

Айта кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемені анықтады. Бұл – University Medical Center корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығы. Zolgensma дәрілік өнімін шығарушы компания хаттамасына сәйкес, орталық дәріні екі жасқа дейінгі балаларға енгізіп, оңалтуын бақылап отырады. Ана мен бала ғылыми медициналық орталығы бұл қызметті кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек аясында көрсетеді. Осыған дейін Ана мен бала медициналық орталығы базасында «СМА емдеу» мультидисциплинарлық тобы құрылып, отандық мамандар үшін Новартис компаниясының ғылыми қызметкерлері Zolgensma-ны қолдану бойынша екі оқу курсын өткізген.

«Қазақстан халқына» қоры Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 495 млн теңге бөлді. Қаңтар оқиғасында қаза тапқан екі краншының жесірлеріне «Қазақстан халқына» қоры бір тиын да бермеген. «Қазақстан халқына» қоры Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 8 адамның отбасына көмек берді. «Қазақстан халқына» қоры екі науқас баланың шетелде емделуіне көмектесті. «Қазақстан халқына» қоры өрт кезінде үш баласынан айырылған отбасына үй сыйлады. Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған екі баланың ата-анасына 6 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама