×

«Қазақстан халқына» қоры Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 495 млн теңге бөлді

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 01.04.2022 | 09:00
коллаж: Halyq Uni

«Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес 2022 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша Қор басқармасының көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есебін қарады. 

Қордан қайғылы Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде:

  • қаза тапқан әскери, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге;
  • ауыр жарақат алған әскери, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне – 318 млн теңге;
  • Қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан азаматтарының отбасыларына – 35 млн теңге;
  • Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн теңге.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды. Әр науқас үшін жеке дәрілік зат өндіру үшін барлық науқастан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді. Қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама