×

Жапонияда аса қауіпті ауру тарап жатыр

5 мамырдан бері елде індетті 801 адам жұқтырған

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2024 | 15:26
Фото: iz.ru

Жапонияда адам өміріне қауіпті аурулардың бірі – гемолитикалық стрептококк ауруы тез тарап жатыр. Ол – ангинаны жиі қоздыратын тамақ ауруы.

NHK телеарнасының мәліметінше, 5 мамырдан бері елде індетті 801 адам жұқтырған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,76 есе көп.

2023 жылы жалпы 941 жедел гемолитикалық стрептококк инфекциясы тіркелген.

Мамандардың айтуынша, аурудың тез таралуы коронавирусқа қарсы қорғаныс шараларының азаюымен байланысты болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама