Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда сәуірде депозит мөлшерлемесі қалай өзгеретіні белгілі болды

Бұған дейін теңгелік депозиттің максималды мөлшерлемесі өскен еді

 Халық үні 01.03.2022 | 11:16
Қазақстанда сәуірде депозит мөлшерлемесі қалай өзгеретіні белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы сәуір бойынша теңгелік депозитке тиесілі максималды мөлшерлемені жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қор теңгелік депозит бойынша 2022 жылғы сәуірге ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Теңгелік депозит бойынша максималды мөлшерлеме наурыздағы деңгейде сақталды, – дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

Бұған дейін Қазақстанда депозит мөлшерлемесі артқаны белгілі болды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама