×

Шымкентте заңсыз алкоголь өндірген астыртын цех анықталды

Кезекті жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды

 Қымбат Елтайқызы 14.06.2022 | 11:15
фото: ашық дереккөзден

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех қызметінің жолын кесті. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдері табылып, тәркіленді. Сондай-ақ 1 мың литр алкоголь, алкогольдік өнімдер өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары, 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді», – дейді агенттік.

Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.

Түркістан облысында заңсыз арақ шығаратын екі цех анықталды. Өскеменде 15 мың шөлмек алкоголь тәркіленді. Қарағанды облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін жасағандар құрықталды. Жамбыл облысында 25 млн теңгенің арағы тәркіленді. Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз жасап, сатқандар ұсталды. Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке арақ-шарап тәркіленді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама