×

Жамбыл облысында 25 млн теңгенің арағы тәркіленді

Олар елімізге жасырын әкелінген

 Қымбат Елтайқызы 04.05.2022 | 11:55
фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында тез дайындалатын кеспенің орнына заңсыз алкоголь өнімі тасымалданған.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өңірдің экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген іс-шаралары барысында Айша-бибі шекара бекетінде екі автокөлікті ұстады. Атап айтқанда, Қырғызстанның И. есімді азаматы басқарған нөмірі №07KG133AAG Мерседес маркалы көлігі және Қырғызстанның Б. есімді азаматы жүргізген №09KG510AAV Penault Premium маркалы автомобилі анықталған.

Көліктерді тексеру барысында Parlament пен Antivirus маркалы 25 920 бөтелкедегі арақты Қазақстан аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте, алкоголь өнімдерінің бұл партиясы Big Bon тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданған. Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша, тәркіленген спирттік ішімдік партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құрады, – дейді қаржы министрлігі.

Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаменті аталған факт бойынша «алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Түркістан облысында заңсыз арақ шығаратын екі цех анықталды. Өскеменде 15 мың шөлмек алкоголь тәркіленді. Қарағанды облысында контрафактілік арақ жасағандар құрықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама