×

Өскеменде 15 мың шөлмек алкоголь тәркіленді

Олар заңсыз өндірілген

 Қымбат Елтайқызы 21.04.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Өскеменнің аудандарының бірінде алкоголь өнімін заңсыз өндіру дерегін анықтады. Антисанитариялық жағдайда күшті спирттік ішімдіктерді дайындаудың толық циклі ұйымдастырылған.

Тексеру барысында 2145 дана «Түркістан» коньягі, 12945 дана коньяк бұйымы, 620 дана «ОША» арағы, 4000 дана бос шыны бөтелке, 15000 дана арақ қалпақшасы, 2 дана қақпақтарды мөрлеуге арналған құрылғы, сорғы мен шлангтарға қосылған 500 литрден астам спирт сұйықтығы бар пластикалық ыдыс табылды, – деді мемлекеттік кірістер комитеті.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 233-бабы «Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 463-ші «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымының негізгі үлесін спирттік ішімдіктерді дайындау және өткізу саласындағы заңсыз кәсіпкерлік деректері құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама