×

Түркістан облысында заңсыз арақ шығаратын екі цех анықталды

Тінту барысында жасанды сұйықтық пен жалған маркалар табылды

 Қымбат Елтайқызы 01.04.2022 | 12:00
фото: Halyq Uni

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін дайындайтын цехтер анықталды.

ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «М» есімді 1981 жылы туған Түлкібаc ауданының тұрғыны ұйымдастырған контрафактілік алкоголь өнімдерін дайындап, өткізетін цехтерді тапты. Ол жалған маркалар қолданған, – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.  

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылында бірнеше мекен жайда «М» есімді азамат ұйымдастырған заңсыз арақ өнімдерін шығаратын 2 цех жойылды.

«Тінту кезінде 3 453 жасанды есепке алу-бақылау маркасы, 410 литр құрамында спирті бар сұйықтық, атақты брендтердің 1381 бөтелке арағы, 1 552 бос бөтелке дайындама, 113 атақты брендмаркалы заттаңба, танымал бренд қаптама материалдары және өндірістік жабдықтар тәркіленді», – делінген ақпаратта.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама