×

Қарағанды облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін жасағандар ұсталды

Олардан 20 мыңнан астам арақ-шарап өнімі тәркіленді

 Халық үні 28.04.2022 | 10:55
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында суррогат ішімдік шығаратын жасырын цех анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрафактілік алкоголь өнімін дайындау және өткізу фактісінің жолын кесті. Жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Саран қаласында орналасқан жалға алынған қоймада суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех ұйымдастырылып, кейін ​​облыс базарлары мен дүкендері арқылы өткізілгені белгілі болды, – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Тінту кезінде жалпы көлемі 10 мың литрге жуық 4 мың дана суррогат спиртінің пластикалық бөтелкесі, 500 литр көлеміндегі 100 дана пластикалық ыдыс, 12 мың литр 20 мың данадан астам әртүрлі арақ-шарап өнімі тәркіленді.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, өндірілген әрі өткізілген өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Түркістан облысында заңсыз арақ шығаратын екі цех анықталды. Өскеменде 15 мың шөлмек алкоголь тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды: шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды

48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
29.03.2023 | 23:45

Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз видеоға түсіп қалған

Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр
29.03.2023 | 22:26

Ақтөбедегі қайғылы жағдай: әйелдің бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салған

Полицияға қыз бала телефон шалып көмек сұраған
29.03.2023 | 21:38