Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалы: Проблемалар қалай шешіліп жатыр

Қымбат Елтайқызы

Соңғы кезде халықаралық жүк тасымалында проблемалар туындағаны белгілі

фото: Halyq Uni

Еуропалық Одақ елдері мен Ресей арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалы бойынша проблемалар туындап отыр. Оның ішінде жекеленген қазақстандықтар әлеуметтік желіде көтерген мәселелер де бар.

Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылданып жатыр, – дейді ИИДМ.

Атап айтқанда, ИИДМ Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына қайта бағдарлау мүмкіндігін пысықтап жатыр. Осы мәселе бойынша Латвияның Көлік министрлігімен және теңіз порттары әкімшіліктерімен кеңес өткізу жоспарланып отыр.

«Сондай-ақ отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) пайдалану ұсынылды. Бүгінгі таңда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған», – делінген ақпаратта.

Бұнымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ТХКБ-нің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәскеуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр, – дейді ведомство

Бұған дейін Қазақстандық жүк тасымалдаушылардың Украинадан қалай шығарылып жатқаны белгілі болды.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.