Halyq Uni логотип
×

Халықтың теңгемен салған салымдары қорғала ма - Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді

Тоқаев Ғалымжан Пірматовты қабылдады

 Халық үні 01.03.2022 | 17:05
Халықтың теңгемен салған салымдары қорғала ма - Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға әрі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы мен ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің әрі Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты, – дейді Ақорда.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Мемлекет басшысы. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланадыҚасым-Жомарт Тоқаев шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама