Бұған дейін Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасаған еді
Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп, теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту жайлы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.
Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру жөнінде мәселені қарауы мүмкін, – дейді Ұлттық банк.
Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі жайында ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізіледі.
Кеше Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция жайлы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайында баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді.