Ол баланы емдемек болған
Семей тұрғыны ауруды дәстүрлі емес медицина арқылы емдеймін деп алаяққа алданды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Анығырақ айтқанда, мамырдың басында Семейдегі Әуезов полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 2017 жылғы көктемде белгісіз әйел қызын аурудан жазамын деп уәде беріп, оның 210 мың теңгесін иемденгенін айтқан.
Жәбірленуші, қаскөйдің «емдейтін қасиеті» барын ести сала, баласын тері ауруынан жазып шықпақ болып, оған жүгінген. Алайда ем нәтиже бермегенін көріп, полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары дереу қылмысты ашуға бағытталған шараларды қабылдау нәтижесінде 61 жастағы күдікті құрықталды. Жауап алу кезінде әйел өз кінәсін мойындады, - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылды. Қарағандыда азаматтарды 50 миллион теңгеге алдаған «банк қызметкерлері» ұсталды. 137 миллион теңге: Нұр-Сұлтан тұрғыны ресейлік алаяқтарға жем болды. «Ата-анаңа айтпа»: алаяқтардың баланы қалай алдайтыны анықталды. Қарағанды облысында алаяқ 14 тұрғынның атынан несие рәсімдеген. Алаяқтықпен күрес: Бірінші кредиттік бюро «Stop Credit» қызметін іске қосты. Алматылық бойжеткен 80 мың долларынан айырылып қалды. Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Сарыағашта миллиондап ақша жымқырған алаяқ әйел құрықталды.