Куәгер сотқа онлайн форматта қосылып отыр
Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанова қатысты сот жалғасып жатыр. 24 сәуірдегі сот отырысына Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні (2023 жылдың 9 қарашасында) хабарласқан көріпкел Гүлнар Ережеповадан жауап алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Куәгер сотқа онлайн форматта қосылып отыр. Әйел өзінің таролог екенін айтты. Бишімбаев әйелге түрлі сұрақ бойынша, оның ішінде инвестициялау, бизнес мәселесі бойынша хабарласып тұрған.
Бишімбаев хабарласқан уақыт нақты есімде жоқ. Ол Салтанат екеуінің ішімдік ішіп, төбелескенін айтты. Дауысына қарап мас екенін түсіндім. Ол «қарап көріңіз, қарап көріңіз» деді. Оған «дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр» дедім. Оған бірден жедел жәрдем шақыр деп айттым. Мас деп ойлап, телефонға да жауап бермедім, оның қоңырауына аса мән бермедім. (...) Басында ол (Салтанат – ред.) ұйықтап жатыр деді. Тыныс алып, қорылдап жатыр деді. Тыңдап отырғанша, дәрігерге көрсетіңдер, әрі қарай не істеу керек екенін шешеді дедім. Ол тоқтамай соны айта берді, - дейді куәгер.
Айтуынша, әйел жекеменшік дәрігер шақыруды да ұсынған.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова көріпкелден не себепті Қуандық Бишімбаевтың хабарламасына жауап бергенін нақтылады.
Ол (Бишімбаев – ред.) «көңілім жай болуы үшін жағдайы жақсы деп айтыңызшы, бәрі жақсы деп жазыңызшы» деп айтты, - дейді куәгер.
САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ
2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.
Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.
Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшінеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.
8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.
9 сәуірдегі сот отырысына қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбеков қатысты. Сол күні Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты. Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салып көрсетті.
10 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Аида Ахмедина қатысты. Прокурор Айжан Аймағанова сот барысында Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқыды. Содан кейін іс бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды.
11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады. Алайда судья істі қарауды жалғастырды. Сол күні 11 сәуірде айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол сот барысында өзінің туысы Қуандық Бишімбаев тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді.
22 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонына қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеоларды көріп шықты.
23 сәуірде өткен сот отырысына қайғылы жағдай болған күні Бишімбаевпен кездескен Гүлнар Насырбекова келді. Әйел Бишімбаевпен жұмыс бойынша кездескенін айтты.