×

Судья Бишімбаевтың телефонындағы видеоларды көріп шықты

Астанада экс-министр мен оның туысына қатысты сот процесі жалғасып жатыр

 Айгерім Таубай 22.04.2024 | 15:50
Фото: Halyq Uni

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонына қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеоларды көріп шықты. Ол жерде Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеноваға ер адамдармен бұрынғы қарым-қатынасына қатысты жеке сұрақ қойғаны түсірілген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қуандық Бишімбаев бұл видеоларды түсіргені есінде жоқ екенін, тіпті монтаж болуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Видеоның барлығында жәбірленуші Нүкенова қара күртеше киіп алған. Оның ішінде ештеңе жоқ», - деді судья видеоны көріп отырып.

Көліктің ішінде түсірілген видеода да марқұмның тек бір күртешемен жүргені айтылды.

Судья Айжан Құлбаева жәбірленуші Айтбек Амангелдіге бұл видеоларды көрмеуге кеңес берді. Алайда марқұмның ағасы сол күні не болғанын білуге тиіс екенін айтып, көретінін жеткізді.

Судьяның видеоны көріп шыққан сәті төменде көрсетілген.

Ескерту: видеода балағат сөздер бар

Серіктес жаңалықтары

Сараптама