×

Сот-медициналық сарапшы Нүкенова алған жарақаттарды манекенде сызып көрсетті

Маман жәбірленушіні ұрып-соғумен қатар буындырғанын мәлімдеді 

 Айгерім Таубай 09.04.2024 | 12:47
Фото: YouTube видеодан скриншот

Астана сотында бұрынғы ұлттық министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 9 сәуірдегі сот отырысына Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салды. Олар марқұмның басындағы жарақат пен қанталауды көрсетеді.

Барлығы белгіленген. Бәрі бірге бас жарақаты саналады. Оған бас та, бас сүйегі де кіреді. Көк түспен қанталау, қызыл түспен жарақат белгіленген. Сарапшы қорытындысында бас-ми жарақатының құрамдас бөліктерін көрсету арқылы сот-медициналық диагноз қойылды. Оған қанталау, жарақаттың бәрі кірді. Барлық зақым мидың зақымдалуына әкелетін сыртқы әрекет ретінде қарастырылады. Сондықтан бастапқы сараптама қорытындысындағы судбуральды гематома түріндегі сыртқы және бас сүйек ішіндегі барлық зақымдану – қатты қабық пен ми арасында қан кету. Жұмсақ қабықтың астына қан кету мишықта, мидың бағаналы бөлігінде анықталды. Мұның бәрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, яғни осы жарақаттың барлығы өлімге себеп болған, - сот-медициналық сарапшы.

Прокурор Айжан Аймағанова сарапшыдан «соққы-травматикалық әсер дегеніміз не?» деп сұрады.

Қарапайым тілмей айтсақ, бұл – басқа тиген соққы. Ақыл-есі қалпындағы адам басынан мұндай жарақат алмайды. Адам құлаған кездің өзінде басын қорғайды. Адам жазық жерде тұрып құлаған кезде мұндай жарақат алмайды, - дейді Тахир Халимназаров.

Судья Айжан Құлбаева сот-медицианалық сарапшыдан «қарапайым тілмен айтсақ, басына соққы тигеннен бөлек, жәбірленушіні буындырған ба?», деп сұрады.

«Иә, буындырған», - деп жауап берді Тахир Халимназаров.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама