×

Жоспардан тыс тексеру: Степногорск ЖЭО-да заң бұзушылықтар анықталды

Петропавл жылу орталығындағы апаттан кейін басқа ЖЭО-лар тексерілген еді

 Қымбат Елтайқызы 17.05.2022 | 13:15
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ны жоспардан тыс тексерудің нәтижесі туралы хабарлады.

Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысындағы аумақтық департаменті сәуірде «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексеру кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, энергетикалық жабдықты пайдалануға әрі оның техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың сақталуын анықтау тұрғысынан жүргізілді.

Тексеру барысында «Степногорск ЖЭО» ЖШС-тың 2020-2021 жылдары күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізбегені анықталды. Жылу орталығы басшылығының айтуынша, жөндеу жұмыстарының мерзімін бұзудың негізгі себебі – пандемия кезінде материалдарды уақтылы жеткізбеу. Бұл кемшіліктер 2021 жылы технологиялық ереже бұзушылықтардың көбеюіне әкеп соқты. Сондай-ақ электр станциясының қазандықтары жұмысының сенімділігінің төмендеуіне алып келген басқа да заң бұзушылықтар, олқылықтар анықталды, – дейді ведомство.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысындағы аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында тұр.

Петропавлдағы жылу электр орталығында жаңа мұржа салынуы мүмкін. Петропавлдағы ЖЭО-да тағы да апат болды. Петропавлдағы ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізу үшін 18 млрд теңге қаражат керек. Петропавлда «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры ұсталды.  Еліміздегі жылу станциялары 70%-ға тозған – энергетика министрлігі. Петропавлдағы ЖЭО түтін мұржасының құлауына не себеп болғаны айтылды. Петропавлда ЖЭО-дағы апаттан кейін жылу ақысы қайта есептелді. Қазақстанда жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама