×

СҚО-да қайтыс болған сенатордың орнына депутат болуға бір ғана кандидаттан өтініш түсті

27 қаңтарда Сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында қайтыс болды

 Халық үні 24.04.2023 | 13:42
Фото: Halyq Uni

2023 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланып, көп ұзамай қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа кандидаттарды ұсыну басталды.

СҚО әкімдігі сайтында жарияланған хабарламаға сай, қазір өзін-өзі ұсу тәртібімен бір кандидат құжат тапсырған.

Әзірге Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына Сенат депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен 1 кандидаттан құжаттар келіп түскен. Үміткер - Сергей Владимирович Мелехов. Қазір өзін ұсынған кандидаттың ҚР Конституциясы мен «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда Сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында қайтыс болып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін мәлім етті.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама