×

Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейді – Әшімбаев

Ол бұл мәселені енді көтермеуге шақырды

 Дәурен Ерболат 02.02.2023 | 11:55
Фото: Halyq Uni

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қайтыс болған депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұнда Сенат тергеу жүргізе алмайды және жүргізбейді. Жалпы, бұл заңға сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл жағдайға қатысты (қайтыс болған депутаттың – автор) туыстары мен дәрігерлері жағдайды (өлімнің себебін – автор) өздері анықтаған шығар. (Өлімнің – автор) себебі айтылған болатын. Сондықтан мен бұл мәселені талқылауға болатын себепті көріп тұрған жоқпын. Бұл жағдайда біз (қайтыс болған депутаттың – автор) туыстары мен балаларының жағдайын ойлауымыз керек. Мен мұнда дәрігерлер тиісті қорытындыны шығарды деп ойлаймын. Бізде оған күмәндануға негіз жоқ. Құрметті әріптестер, бұл тақырыпты жабайық. Адамгершілік жағынан осылай дұрыс болады, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған 45 жастағы сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болған еді. Бүгін оның депутаттық өкілеттілігі тоқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама