×

Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

1991 жылдан бері республикаға милионнан астам этникалық қазақ оралған

 Қымбат Елтайқызы 05.04.2022 | 09:50
фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, «қандас» мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) – Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан, 9,3% – басқа елдерден.

«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%), Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%), Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды», – делінген ақпаратта.

Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ды, зейнеткерлер 14,1%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді, 1,8%-ының білімі жоқ.

Былтыр 17,5 мың этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Биыл қанша этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама