×

Былтыр 17,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың дені Өзбекстаннан келген

 Халық үні 14.01.2022 | 12:05
фото: Halyq Uni

2021 жылы 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ оралды.

Былтыр Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – ҚХР-дан, 6% – Түркіменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 5,7% – басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Қоныс аударғандардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылары - 55,2%, еңбекке қабілетсіз жастан кішілері - 28%, зейнеткерлер - 16,8%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың жоғары білімі барлары - 11,1%, орта кәсіби білімі барлары - 40,1%, жалпы орта білімі барлары - 45,6%. Қалған 3,1%-ының білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама