Дегенмен азаматтардың өтініштері болып жатса, олар жеке қаралмақ
Украинадан Қазақстан азаматтарын репатриациялық рейспен эвакуациялау аяқталды. Дегенмен қоршаудағы елді мекендерде қалған және көрсетілген рейстермен Украинадан кетуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың өтініштері жеке қаралады.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі 28 наурызда Польшаның Катовице қаласынан жетінші эвакуациялық әуе рейсін жасады. Жалпы, Қазақстанның 900 азаматы эвакуацияланды. Олардың 743-і елге оралды.
Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр. Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыс әлі орнаған жоқ. Алматыға қазақстандықтар мінген тағы бір ұшақ қонды. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ Катовицеден 89 жолаушы алып келеді. Украинадан Қазақстанға алтыншы рейс ұшып шықты. Украинадан тағы 14 отандасымыз ұшып келді.
Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Қазақстан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Тоқаев Украинадағы қазақстандық дипломаттарды марапаттады. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік және логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан тағы екі қазақстандық жүк көлігі шығарылды.