×

Украинадан эвакуация: Алматыға қазақстандықтар мінген тағы бір ұшақ қонды

Бұл кезекті - бесінші рейс

 Қымбат Елтайқызы 15.03.2022 | 16:45
фото: ҚР СІМ

Бүгін сағат 14:53-те Алматы әуежайына қарулы қақтығыс басталған Украина аумағында болған Қазақстан азаматтары мінген бесінші рейс қонды.

Ұшақ Польшаның Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 8:53-те ұшып шыққан.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, ұшақта 89 жолаушы болған. Олар: 56 Қазақстан азаматы, 32 Украина азаматы, 1 Польша азаматы.

Бұған дейін Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ Катовицеден 89 жолаушы алып келетіні белгілі болды

Осыған дейін төрт репатриациялық рейспен елімізге 587 қазақстандық жеткізілді.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр. Қазақстан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді.  Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыс әлі орнаған жоқ. Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік және логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Украинадан тағы екі қазақстандық жүк көлігі шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама