×

Тоқаев Украинадағы қазақстандық дипломаттарды марапаттады

Олар отандастарымызды Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталды

 Халық үні 17.03.2022 | 16:29
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қазақстандық дипломаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Отандастарымызды Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталғандар:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Калетаев Дархан Аманұлы;

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлы; 

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Қаражанова Макка Сағынғалиқызы (Украина);

Қазақстанның Львов қаласындағы құрметті консулы Маслюк Галина Дмитриевна (Украина);

«Құрмет» орденімен

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесшісі (консул міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Қазақстанның Молдовадағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы;

Қазақстанның Румыниядағы елшілігінің атташе – консулы Кагенов Азамат Мағжанұлы;

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлы;

Қазақстанның Польшадағы елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы Сәбитұлы Бекзат;

«Шапағат» медалімен

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлы;

Қазақстанның Украинадағы елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировна;

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы;

Қазақстандағы волонтерлік корпус жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы.

Бүгінге дейін 836 адам Украинадан елімізге эвакуацияланды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр. Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыс әлі орнаған жоқ. Алматыға қазақстандықтар мінген тағы бір ұшақ қонды. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ Катовицеден 89 жолаушы алып келеді. Украинадан Қазақстанға алтыншы рейс ұшып шықты. Украинадан тағы 14 отандасымыз ұшып келді. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Қазақстан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік және логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан тағы екі қазақстандық жүк көлігі шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама