×

Украинадан эвакуация: Қазақстанға алтыншы рейс ұшып шықты

Ұшақ Алматыда қонады

 Қымбат Елтайқызы 16.03.2022 | 17:00
фото: ҚР СІМ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан (Польша) елімізге алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты.

Ұшақ Алматы қаласына қонады. Әуе көлігінде 14 жолаушы бар, – дейді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Осымен, Украинадан 836 адам шығарылды. Соның ішінде 690 адам репатриациялық ұшақтармен елімізге оралды.

Бұған дейін Алматыға қазақстандықтар мінген тағы бір ұшақ (бесінші рейс) қонды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды

Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр. Қазақстан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді.  Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыс әлі орнаған жоқ. Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ Катовицеден 89 жолаушы алып келеді. Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік және логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Украинадан тағы екі қазақстандық жүк көлігі шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама