×

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ

 Динара Амантай 23.09.2022 | 17:52
Фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сағат 17:45-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ, - деп мәлімдеді ОСК баспасөз қызметі.

Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:

- ҚР азаматы болуы;

- ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

- жоғары білімінің болуы;

- жасы 40-қа толған болуы;

- белсенді сайлау құқығының болуы;

- мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Еске сала кетсек, президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама