×

Елімізде 5 градусқа дейін үсік болады

15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік болады.

 Халық үні 15.09.2022 | 06:33
Фото:elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК 15-17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына ықпалын жалғастырады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, - делінген хабарламада.

15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама