×

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігер қайтыс болды

Дәрігер сол жерде көз жұмды.

 Халық үні 13.09.2022 | 06:29
Фото: ult.kz

Қарағандыда жол апатынан Қарқаралы аудандық ауруханасының бас дәрігері Светлана Сүлейменова қайтыс болды, деп хабарлады «Вечерняя Караганда» телеграмм арнасы. 

Оқиға 12 қыркүйекте таңертең Доскей және Көкпекті ауылдарының арасындағы жолда ЖЭО-3 аумағында болған. «Нива» көлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі 25 жастағы жігіт ауруханаға түсті. 59 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды. 

Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағйындалды. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама