×

Бағаналы ауылынан ел көшірілді

Елді мекенге қауіп төнді

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 16:32
фото: ашық дереккөз

Желдің күшеюіне байланысты от орман алқабынан елді мекенге қарай ойысуы мүмкін. Қазірдің өзінде екі жерде өрт ошағы анықталды.

Ауылды қорғау үшін бірқатар күш-құралдары мен қажетті техника топтастырылды. 11 адам Қазбасы елді мекеніне көшіріліп, мектеп, интернаттарға орналастырылды. Оқиға орнында 24 бірлік техника, 4 әуе кемесі, жүздеген адам жұмыс істеп жатыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, өрт Бағаналы ауылына жеткен еді. Сол кезде Төтенше жағдайлар министрлігі Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылы (228 адам) мен Лесное ауылынан (363 адам), барлығы 1841 адам көшірілгенін хабарлады.

Енді Бағаналы ауылынан да ел көшірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама