×

Атырау облысында мектептерде 20 мыңнан аса қазақ бала орыс тілінде оқиды

Биыл орыс тілінде оқытатын 1-сыныптарға 2 028 қазақ баласы барды

 Айгерім Таубай 04.09.2022 | 15:02
Halyq Uni

2022-2023 оқу жылында Атырау облысы бойынша 14 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттады. Қазақ сыныбына қабылданғандар саны – 11 925, орыс сыныбына қабылданғандар саны – 3 503 оқушы. 

Қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпқа қабылданған оқушылар арасында ұлты қазақ емес 141 бала бар. Оның ішінде – 93 орыс, 21 өзбек, 11 қарақалпақ, 1 тәжік, 9 корей, 1 украин, 4 татар, неміс ұлтының бір өкілі бар.

«Қазақ тілінде оқытатын 2-11 сыныптарда оқитын ұлты қазақ емес оқушылар саны – 432. Оның ішінде 121 орыс, 36 корей, 1 неміс, 3 болгар, 9 украин, 98 өзбек, 13 татар, 114 қарақалпақ, 21 түрік, 7 қырғыз, 4 дүңген, 1 ағылшын, 1 әзербайжан, 1 қалмақ, 1 тәжік, 1 шотланд ұлты өкілдері бар», - делінген Атырау облысы білім басқармасының Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.

Орыс тілінде оқытатын 1-сыныптарға 2 028 қазақ баласы барады. Орыс тілінде оқытатын 2-11 сыныптарда 18 855 қазақ баласы білім алып жатыр.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында орыс тілінде білім беретін 5 мектеп бар. Ол жерде білім алатын оқушылардың 81,2 пайызының ұлты қазақ екені хабарланды.

Облыста 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдауға 19 846 өтініш түсті. Оның ішінде қазақ сыныптарына 17 031 (85,8%) барады. 

Облыста 2-11 сынып аралығында 153 422 оқушы білім алады. Оның ішінде ұлты қазақ 146 068 оқушы бар. Сондай-ақ ұлты орыс – 3 675, ұлты өзбек – 402, ұйғыр – 37, тәжік – 20, 110 қырғыз және ұлты қазақ емес басқа да 3 099 бала бар.

Облыста орыс тілінде білім беретін 5 мектеп бар. Ол жерде 6 952 оқушы білім алады. Оның ішінде ұлты қазақ оқушылар саны – 5 645. Аталған мектептердің бірінші сыныбына 782 бала қабылданды.

Бұған дейін Жамбыл облысында орыс тілінде білім беретін 8 мектеп бар екені, биыл бұл мектептердің 1-сыныбына ұлты қазақ 114 бала баратыны хабарланды. Сондай-ақ орыс тілінде білім беретін мектепте 8 471 оқушы оқиды, оның ішінде 2 203 оқушының ұлты қазақ.

Ал Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында орыс тілінде білім беретін екі мектеп бар. Бұл мектептің 1-сыныбына баратын оқушылардың арасында 24 қазақ бала бар. Осы екі мектепте 2-11(12) сынып аралығында 244 қазақ бала орыс тілінде білім алады.

Шығыс Қазақстан облысында орыс тілінде білім беретін мектептердің 1-сыныбына ұлты қазақ 967 бала барады. Орыс тілінде білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарында ұлты қазақ 8 713 оқушы оқиды.

Қарағанды облысында биыл 1-сыныпқа 17 561 бала қабылданады. Оның ішінде қазақ тілінде білім беретін мектепке 9 304 бала қабылданды, 8 257 бала орыс тілінде білім алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама