×

Прокурор Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақытына қатысты екіжақты пікірге нүкте қойды

Астана сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр

 Айгерім Таубай 04.05.2024 | 11:23
Фото: Halyq Uni / Мейірбек Тажқұранов

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Нүкенованың қайтыс болған уақытына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қорғау тарапы жарыссөз барысында қан тиген жейде, нашатырь, сынған есікті ұсақ-түйек деп атап, оған мән бермеуді сұрады. Ал екінші жағынан өз сөзіне өзі қарсы келіп, адамды соттай салуға болмайтынын айтады. Есік, жейде, нашатырь бізге болған оқиғаны көрсетеді. Айыптау тарапы «Салтанатқа ұқсайтын әйелді іздеді», «Насырбекова заттарды сыртқа шығарды» деген секілді мәлімдеме жасаған жоқ, жарыссөз барысында да айтылмады. Қорғаушы тарап «Бишімбаев Нүкенованы не үшін өлтіргенін дәлелдеген жоқ», дейді. Адамды өлтіру үшін одан пайда көруі керек пе? Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қызғаныштан өлтірді», - дейді прокурор Айжан Аймағанова.

Мемлекеттік айыптаушы марқұм Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақытына қатысты да ойын айтты.

«Айыптау актісінде марқұмның қайтыс болған уақыты ретінде екі уақыт көрсетілгенін айтып жатыр. Салтанаттың кешкі уақытта қайтыс болғаны жайлы... Бұл олай емес. Айыптау актісіне мұқият қарайтын болса, ол жерде Бишімбаевтың 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні ұрып-соға бастағаны айтылған. Бұл куәгерлер берген жауаппен дәлелденді. Байжанов келген сағат 10-да Бишімбаевтың ұрып-соғуын тоқтатқан. Сот-медициналық сарапшы берген қорытындыға сәйкес, Нүкенова өлімге әкелген соққыны алғаннан кейін 6-8 сағаттан кейін қайтыс болған. Салтанат арпалыста жатты, бір уақытта өмір мен өлімнің арасында қалды. Соған сәйкес, Салтанат түскі уақытта қайтыс болған. Бұл айыптау актісінде көрсетілген», - деді прокурор.

Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама