×

Путинцева US Open турнирін сенсациямен бастады

Ол 1 сағат 19 минутқа созылған матчта эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді

 Дастан Жұмабекұлы 31.08.2022 | 10:41
фото: prosports.kz

Әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді. Қарсыластар осыған дейін кортта бір рет жолығып, онда америкалық спортшы ұтқан еді. Бұл жолы Путинцева қарсыласынан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді. Енді Юлия екінші айналымда германиялық Юле Нимайермен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама