×

Полиция Ұзынағаштағы атысқа не түрткі болғанын айтты

Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр

 Халық үні 08.08.2022 | 21:33
фото: egemen.kz

Алматы облысы полиция департаменті қайғылы оқиға куәгерлерінің берген куәлігіне сүйене отырып, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болғанын айтты, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 

«Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды», - делінген хабарламада. 

ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын хабарлайды. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде жан тапсырды.«Ұстау» жоспары жарияланды. Облыстық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтап, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама