×

Оралда кәсіпкерді өлтіру сәті видеоға түсіп қалған

Екі адамға іздеу жарияланды

 Халық үні 08.08.2022 | 00:50
Фото: БҚО Полиция департаменті

Оралда кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы жарияланды.

Дәмханада кәсіпкер Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәт видеоға түсіп қалған. Видеодан күдіктілердің бірінің оның мойын тұсынан бірнеше рет пышақтағанын байқауға болады.

Кәсіпкер жараланса да, терезеден секіріп қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған.

Қазіргі уақытта Мұсанғалиевті өлтірген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.

Бұған дейін Оралда көшенің қақ ортасында адамды өлтіріп кеткені жайлы жазған едік. Ақпаратта марқұмның 48 жастағы кәсіпкер екені айтылады.

Кейін жергілікті полиция Оралда кәсіпкерді өлтіруі мүмкін күдіктілердің суретін жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама