×

Оралда кәсіпкерді өлтіруі мүмкін күдіктілердің суреті жарияланды

Жергілікті полиция күдіктілердің фотороботтарын жасады

 Халық үні 07.08.2022 | 14:07
Фото: БҚО Полиция департаменті

БҚО полиция департаменті Орал қаласының орталығындағы кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің фотороботын жариялады.

Таратылған хабарламаға сәйкес, Оралда бірнеше мейрамхана мен дәмхананың иесін өлтірген екі күдікті бар.

Өңірдегі ДП-ның барлық күші оларды іздеуге жіберілді. Полицейлер күдіктілердің қайда екенін білетін адамдар нұсқаулықта көрсетілген нөмірге хабарласуын сұрайды.

Жергілікті полицияда күдіктілердің фотороботтары жасалды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүріп жатыр, — деп жазылған мәліметте.

 

Бұған дейін көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кеткені жайлы жазған едік. Ақпаратта марқұмның 48 жастағы кәсіпкер екені айтылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама