×

Qyzyljar футбол клубы Конференция лигасында сенсация жасады (ВИДЕО)

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді

 Қанат Атаманов 29.07.2022 | 06:00
Фото: ашық дереккөздерден

Петропавл қаласының намысын қорғайтын Qyzyljar Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды.

Хорватиядағы қарымта матчта 2:0 есебі тіркелді. Ойынның 62 минутында Гиорги Иванидзе есеп ашса, араға екі минут салып Мусса Коне таблодағы есепті еселеді.

«Астана Аренадағы» бірінші кездесуде хорватиялықтар 2:1 нәтижесімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебі тіркеліп, Qyzyljar жарыстың келесі кезеңіне шықты.

Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік қазақстандықтар жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Біз бұған дейін «Қайрат» пен «Астананың» еурокубоктардан шығып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама