×

Шоу аяқталды: «Қайрат» пен «Астана» еурокубоктардан шығып қалды

«Қайрат» клубының Венгриялық «Кишвардқа» қарсы өткізген қарымта матчы 0:1 есебімен аяқталды

 Қанат Атаманов 29.07.2022 | 00:30
Фото: tengrinews.kz

«Қайрат» футбол клубы Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында жеңіліп, турнирді мерзімінен бұрын аяқтады. Венгриялық «Кишвардпен» өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 39-минутында жалғыз голды Ясмин Мешанович соқты. Қазақстандық клуб дәл осындай есеппен Алматыдағы алғашқы ойында да жеңіліп қалған болатын.

Сол күні кешке Конференция Лигасынан «Астана» клубы да кетті. Ол екі ойында да польшалық «Краковтан» жеңіліп қалды. «Қайрат» сияқты бұл команда ойыншылары да қарсыласына бір де бір гол соққан жоқ.

Еске салсақ. бұған дейін Қостанайдың "Тобыл" клубы 17 минутта үш гол жіберіп алып, Чемпиондар Лигасындағы жарысын аяқтаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама