×

Алматы облысында жаңадан құрылған қаланың әкімі тағайындалды

Ол 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген

 Еркеғали Болатұлы 10.05.2024 | 14:45
фото: дереккөз

Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі лауазымына Әркен Өтенов тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің Telegram-арнасы хабарлады.

Әркен Өтенов жаңа Алатау қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған, - делінген бүгінгі хабарламада.

Әркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 2010 жылы Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген. Халықаралық қатынастар жөніндегі ғалым, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Әркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы түрлі лауазымдарда, соның ішінде Президент әкімшілігінде және Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде істеген жұмыс тәжірибесі бар.

Еске сала кетсек, биыл 9 қаңтарда Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналған еді. Тиісті Жарлыққа президент қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама