×

Алматыда ірі есірткі ордасы анықталды

Наркотиктер 500 млн теңгеге бағаланған

 Дастан Жұмабекұлы 13.07.2022 | 10:25
фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінінің Алматы қаласы бойынша департаменті ірі есірткі зертханасын анықтады.

Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және еліміздің басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды.

Тексеру кезінде Алматы қаласы мен қала маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кило есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қолға түскен есірткі заттарының бағасы 500 млн теңгеден асады.

Осы оқиға бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама