×

ҰҚК Астана мен Павлодарда бірнеше адамды тұтқындады

Олар бұрын сотталса да, қылмысын тоқтатпаған

 Қымбат Елтайқызы 05.05.2024 | 11:02

Биылғы 2-3 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, және прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана мен Павлодарда Қазақстанның 3 азаматын ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Олар - экстремистік әрекеттер бойынша күдіктілер. Нақтыласақ, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілініп отыр.

«Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты», - дейді ҰҚК.

Қазір қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Бұған дейін атыраулық оқушының аудан мектептеріне террор жасалатынын жазғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни-экстремистік ұйым басшыларын құрықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама